Study

Қазақ тілі

  •   0%
  •  0     0     0

  • Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
    Қазақ тілінде 37 дыбыс бар.
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
    Дауыссыз дыбыстар 3 бөлінеді. Олар қатаң, ұяң, үнді
  • Қазақ тілінде неше әріп бар?
    Қазақ тілінде 42 әріп бар.
  • Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны қанша?
    Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны 25 (26)
  • Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
    Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
  • Сан есімнің түрлерін ата.
    Сан есімнің түрлері: есептік сан есім және реттік сан есім
  • Қосымшаның түрлерін ата.
    Қосымшаның түрлері жұрнақ және жалғау
  • Сөйлем мүшелерін ата.
    Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш
  • Қазақ тілінде неше жалғау бар? Оларды ата.
    Қазақ тілінде 4 жалғау бар.Олар көптік, жіктік, тәуелдік және септік жалғаулар
  • Түбір сөз дегеніміз не?
    Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.
  • Етістіктің неше шағы бар?
    Етістіктің 3 шағы бар. Олар осы шақ, келер шақ, өткен шақ
  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
    Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
  • Бастауыш пен баяндауыш қандай мүшелер?
    Тұрлаулы мүшелер
  • Етістіктің сұрақтары?
    Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтты?
  • Зат есімнің сұрақтары?
    Зат есімнің сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?
  • Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?
    Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау деп аталады
  • Буын үндестігі дегеніміз не?
    Бір сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып үйлесіп келуін буын үндестігі деп атаймыз.
  • Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.
    Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.Олар зат есім, сын есім, сан есім, етістік,үстеу,одағай,есімдіктер,еліктеуіш сөздер,шылау
  • Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
    Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
  • Қазақ тілінде неше септік бар?Оларды ата.
    Қазақ тілінде 7 септік бар.Олар атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс.көмектес септіктер
  • Түбір сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталды?
    Түбір сөздің мағынасын өзгертетін қосымша жұрнақ деп аталды.