Edit Game
Қазақ тілі
 Delete

Use commas to add multiple tags

 Private  Unlisted  Public




Delimiter between question and answer:

Tips:

  • No column headers.
  • Each line maps to a question.
  • If the delimiter is used in a question, the question should be surrounded by double quotes: "My, question","My, answer"
  • The first answer in the multiple choice question must be the correct answer.






 Save   21  Close
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Бастауыш пен баяндауыш қандай мүшелер?
Тұрлаулы мүшелер
Сөйлем мүшелерін ата.
Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш
Қазақ тілінде неше септік бар?Оларды ата.
Қазақ тілінде 7 септік бар.Олар атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс.көмектес септіктер
Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Қазақ тілінде 37 дыбыс бар.
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар 3 бөлінеді. Олар қатаң, ұяң, үнді
Буын үндестігі дегеніміз не?
Бір сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып үйлесіп келуін буын үндестігі деп атаймыз.
Түбір сөз дегеніміз не?
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.
Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?
Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау деп аталады
Түбір сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталды?
Түбір сөздің мағынасын өзгертетін қосымша жұрнақ деп аталды.
Қосымшаның түрлерін ата.
Қосымшаның түрлері жұрнақ және жалғау
Етістіктің неше шағы бар?
Етістіктің 3 шағы бар. Олар осы шақ, келер шақ, өткен шақ
Қазақ тілінде неше жалғау бар? Оларды ата.
Қазақ тілінде 4 жалғау бар.Олар көптік, жіктік, тәуелдік және септік жалғаулар
Сан есімнің түрлерін ата.
Сан есімнің түрлері: есептік сан есім және реттік сан есім
Етістіктің сұрақтары?
Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтты?
Зат есімнің сұрақтары?
Зат есімнің сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны қанша?
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың саны 25 (26)
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде 42 әріп бар.
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.Олар зат есім, сын есім, сан есім, етістік,үстеу,одағай,есімдіктер,еліктеуіш сөздер,шылау